Чилиде 6,4 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Чили университетінің Ұлттық сейсмология орталығы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Кобкекура коммунасында болған.
Жер сілкінісі ошағы 111 шақырым тереңдікте жатты.
Құрбандар мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.
Мауле, Био-Био және О'Хиггинс коммуналарында да дүмпулер сезілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу