Чилиде қарттар үйінде өрт шығып, 16 адам қаза тапты

178

Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Чилиде қарттар үйінде өрт шығып, 16 адам қаза тапты Фото: tercera

Чилидің оңтүстігіндегі қарттар үйінде өрт шығып, кемінде 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт 12 қыркүйекке қараған түні жергілікті уақытпен шамамен сағат 22:30-да қарттар үйінен шыққан. Полиция қызметкерінің айтуынша, ғимаратта тұратын адамдардың тек 10-ы ғана қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Қалған 16 адам қаза тапқан.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері мен медициналық бригадалар, сондай-ақ көршілес коммуналардың қызметтері жіберілген. Өрт сөндірушілер мен медицина мамандары зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды ауруханаларға жеткізген.

Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және жергілікті муниципалитет мамандары таңға дейін оқиға орнында жұмыс істеп, үйінділерді тазалаған және аумақты қоршауға алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу