Чилидің оңтүстігіндегі Лос-Лагос аймағында лай көшікіні жүріп, 15 адам қаза тапты. Тағы 7 тұрғын табылмай отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Таудан көшкен лай-батпақ 200-ге жуық үйді қиратып кеткен. Апаттан ауызсу және электр желілеріне зақым келді. Қазір аймақта құтқарушылар мен еріктілер жұмыс істеп жатыр. Бірақ өңірде лай көшкіні қаупі әлі сейілмей тұр. Соған байланысты Вилла Санта-Люсия мекеніне жақын жердегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.
Айта кетейік, өткен жексенбі күні де осы елдің Чайтен ауылында шелектеп құйған жауын салдарынан лай көшкіні жүріп, 5 адам мерт болған. Тағы 15 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Төтенше жағдайдан соң ел президенті Мишель Бачелет бұл өңірді апат аймағы деп танып, оның алдын алу үшін қажетті шараларды қолға алуға шақырды.