Чилидің ұлттық күні аталып өтті

989

Чилидің ұлттық күні аталып өтті

EXPO көрмесінде Чили Республикасының ұлттық күні аталып өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Пайдалы қазбалардың сарқылуына жол бермеуіміз керек. Сондықтан әлем халқы жаңартылған энергия көздеріне көшу қажет. EXPO көрмесінде ұлттық күнін атап өткен Чили Республикасының өкілдері осындай пікір білдірді.

Делегацияны бастап келген Чили энергетика министрінің орынбасары Химена Хара өздерінің бұл саладағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін жеткізді. Себебі онда күн көзінен қуат алатын батареялар өте көп екен.

"Стансалар кейде электр қуатын артығымен өндіреді. Әрдайым күн ашық болғандықтан көп мөлшерде қуат жинайды. Оның барлығын сату мүмкін емес", – дейді олар.

Тұтынушыларға электр қуаты кейде тегін беріледі екен. Чили баламалы энергия көзін алуда Латын Америкасы мемлекеттері арасында көш бастап тұр. Ұлттық күн шарасында Tupa Marka фольклорлық ансамблі өз өнерлерімен көпшілікті тәнтті етті.

"Соңғы 4 жылда біздің елде күн мен желден энергия өндіру ісі қарқынды түрде дамып келеді. Мемлекеттік бағдарлама бар. Сол бойынша нақты міндеттер қойылған. 2050 жылға қарай осы саланың үлесін 70%-ға жеткізу жоспарда бар. Баламалы энергияны қолдану тек бізді ғана емес бүкіл әлем халқын алаңдатуы тиіс деп санаймыз. Астанадағы EXPO көрмесі осы мәселеге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік бергендігін атап өткім келеді", дейді Чили энергетика министрінің орынбасары Химена Хара. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу