Кездесу барысында тараптар елорда әуежайы арқылы жүзеге асырылатын карго-техникалық аялдамалар бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін және жүк әуе тасымалдарын дамыту перспективаларын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
China Central Longhao компаниясы қыркүйек айынан бастап Boeing 747-400F жүк ұшақтарымен аптасына 4 рет Астана арқылы рейстер орындауды жоспарлап отыр.
Жаңа тасымалдаушының келуі әуежайдың жүк бағыттары желісін кеңейтіп қана қоймай, Астананың Қытай, Орталық Азия және өзге де халықаралық нарықтарды байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.