Ауыр атлетикадан Тайландта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Зүлфия Чиншанло төртінші орын алды деп хабарлайды Olympic.kz.
55 келіде сынға түскен қазақстандық атлет қоссайыс қорытындысы бойынша 213 (93+120) келіні бағындырды. Алайда, бұл көрсеткіш жүлдегерлер қатарына ену үшін жеткіліксіз еді. Бұл бәсекеде қытайлық Цуньюнь Ляо (227 келі) топ жарды. Екінші орынды тағы бір қытайлық спортшы Ваньцунь Чжан иеленсе, үздіктер үштігін филиппиндік атлет қорытындылады.
Ерлер арасындағы 55 келі салмақта қазақстандық Игорь Сон күміс жүлдегер атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу