Чипі бар жаңа техникалық құжаттар берілуде

1049

 Автокөлік жөніндегі барлық ақпарат осы чипте сақталып, сату, сатып алу кезінде толықтырылып отырады.

Чипі бар жаңа техникалық құжаттар берілуде

Теміртұлпар иелеріне чипі бар техникалық құжаттар беріліп жатыр. Автокөлік жөніндегі барлық ақпарат осы чипте сақталып, сату, сатып алу кезінде толықтырылып отырады. Құжаттың өзінде жаңа қорғаныш элеметтері пайда болып, дизайны да жаңаланды.

Чипте мемлкеттік тіркеу нөмірі, топтама және куәліктің тіркеу нөмірлері, көліктің маркасы, моделі, шыққан күні мен жылы, сәйкестендіру нөмірі, көліктің санаты турасында ақпарат бар. Сондай-ақ, иесі туралы ақпарат: аты-жөні, қайда тұратыны, есепке тіркеу және алу сынды мәліметтермен толықтырылған.

Есесіне жүргізушілер жол сақшылары сұрайтын құжатты тасып әлекке түспейді. Әрі көлігін сақтандырғандығын қағаз жүзінде дәлелдеп жүруге міндетті емес.

Бұл өзгеріс өткен жылы, ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген. Жыл соңында теміртұлпар иелеріне чипі бар техникалық құжаттар беріле бастады. Бұйрықта көрсетілгендей, қажет болған жағдайда қажетті ақпараттың тізімі өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін.

Сонымен қатар құжатта бұйрық күшіне енгенге дейін берілген бұрынғы техникалық паспорт күшін жоймай, жаңа тіркеу куәліктерімен бірге пайдаланыла беретіні аталып өткен. Ол автокөлікті сатып алу немесе сату және оны қайта тіркеу процесі кезінде ғана алмастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу