Қытайдың Гуандун провинциясында орналасқан Чжухай қаласындағы қонақүйдің маңында жарылыс болып, салдарынан 3 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Соңғы мәліметке сүйесек, газдың жарылуы апатқа әкеліп соққан. Сонымен қатар сол жердегі ғимараттарға зақым келген. Жарылыс Доумэнь ауданында болған.
Екі адам жеңіл жарақат алып, тағы біреуін күйік шалған. Олардың барлығы да қазір ауруханада. Апат орнына өрт сөндірушілер жедел жұмылдырылды. Қазір сол маңда құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу