Cібірде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі анықталды

487

Роспотребнадзор мутацияланған вирустың Еуропадан Ресейге әкелінбегенін жеткізді. 

Cібірде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі анықталды

COVID-19 деп аталатын коронавирустық инфекцияның қоздырушысы саналатын SARS-CoV-2 коронавирусы жартылай мутацияға ұшыраған. Оны ресейлік мамандар Сібір федералды округінен тапты. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова мәлім етті. 

"Сібір өңірінде коронавирустың белгілі бір өзгеріске ұшырағаны анықталды. Біздің болжам бойынша, ол жерде вирус сол аймаққа тән мутацияға ұшырап жатыр", – деді Попова. 

Попова мутацияланған вирустың Еуропадан Ресейге әкелінбегенін жеткізді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу