Цифрландыру әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелін жойды

780

Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызметтің 95%-ын электронды форматта көрсетіп жатыр. 

Цифрландыру әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелін жойды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір автокөлікті тіркеу, сату, сатып алу мәмілелері, автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді таңдау және оны үйге жеткізуге тапсырыс беру, шетелдіктерге бір реттік іскерлік және жеке виза рәсімдеу электронды түрде атқарылады", – деді Нұрділдә Ораз. 

Ресми өкілдің айтуынша, цифрландыру халыққа қызмет көрсету уақытын қысқартып, азаматтармен тікелей байланысты азайтты. Сонымен қатар әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелін жойды. 

"Министрліктің деректер базасы жүйелермен біріктірілуі нәтижесінде полицейлерге планшеттің көмегімен автокөлікті тексеру, электронды хаттама толтыру және айыппұлды өндіріп алу мүмкіндігі туды. Осыған орай биылдан 
бастап заңнамаға жүргізушілерге жеке басын куәландыратын бір ғана құжатты алып жүріп, автокөлікті басқаруға рұқсат беретін өзгеріс енгізілді", – деді Нұрділдә Ораз. 

Оның сөзінше, сотқа дейінгі іс жүргізу процесін автоматтандыру үшін қылмыстық істерді электронды форматта тергеу практикасы кеңейтіліп жатыр. Бұл тергеу мерзімін қысқартуға, бақылауды арттыруға және азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға ықпал етеді.

"Жыл соңына дейін қылмыстық істерді электронды тергеуді 100%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу