Цифрландыру әскерден жалтару мүмкіндігін жоққа шығарады

824

БҚО-да борышын өтеуден қашқан 2001 жылы туған азаматқа 200 сағат қоғамдық жұмыс жүктелді. 

Цифрландыру әскерден жалтару мүмкіндігін жоққа шығарады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде әскерге шақыру науқаны туралы өткен брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов айтты.

"Қазіргі кезде жергілікті атқарушы әскери-басқару орган электронды базадан азаматтың тұрғылықты жерімен, ресми тіркеуде тұрған мекен-жайын және жұмыс орнын анықтай алады. Соған байланысты шақырушылар себепсіз әскерден жалтара алмайды. Алдағы цифрландыру мұндай мүмкіндікті жоққа шығарады", – деген спикер әскерден жалтарғандарға тағайындалатын жаза туралы сөз қозғады. 

"Медициналық комиссия әскер қатарына қабылданатындардың барлық шағымдарын қарастырады. Осылайша қорғаныс күштерінің қатарына денсаулығы нашар азаматтарды алмаймыз. Сондай-ақ, борышын өтуден жалтарғысы келетіндерді анықтаймыз. Бұған қоса оларға әкімшілік және қылмыстық жаза тағайындалады. Жуырда Батыс Қазақстанда облысында Қылмыстық кодекстің №387 бабына сәйкес 2001 жылы туған азамат әскерден жалтарғаны үшін 200 сағат қоғамдық жұмыстармен жазаланды. Сондықтан әскерге шақырылған әрбір адам Отанын қорғау – өз үйін қорғау екенін білуге тиіс", – деді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы. 

Бұған қоса ол мерзімді әскери қызмет уақыты ұзартылды деген ақпаратты жоққа шығарды.  

"Мерзімді әскери қызмет уақыты "Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңда белгіленген. Ол 12 айды құрайды. Заңда көрсетілген номаға өзгеріс енгізу қарастырылған жоқ", – деді Сәкен Жүсіпов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу