ҚР денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық жүргізуге көшу аясында бастапқы медициналық құжаттаманың 62-сі алынып тасталды және 221 нысан электрондық форматқа көшірілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, қағазбен жүргізу қажеттілігінің жоқтығына байланысты бастапқы медициналық құжаттамалардың 62-сі алып тасталды, сондай-ақ 12 нысанды біріктіру (автоматтандыру) мақсатында өзгертілді, яғни 3 нысан бойынша біріктірілді, атап айтқанда: 5 хабарлама нысаны, 8 жолданған нысанды талдау және "Баланың даму тарихы" бір формада біріктіріледі.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйе болған кезде 221 нысан электрондық форматта сақталады.