Цифрландыру нәтижесінде бюджетке қосымша 520 млрд теңгеге жуық қаржы түсті

729

Үкімет отырысында салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері қаралды. 

Цифрландыру нәтижесінде бюджетке қосымша 520 млрд теңгеге жуық қаржы түсті Фото: primeminister.kz

Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдердің өсу қарқыны 14% құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 911 млрд теңгеге артық. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады. 

Министр "АСТАНА-1", "Е-терезе", "Электронды шот-фактуралар", "Виртуалды қойма", "Тәуекелдерді басқару жүйесі" ақпараттық жүйелері сынды бірқатар цифрлық жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, аталған бастамалар салық және кеден операцияларын жүргізуді жылдамдатып, ашықтығын арттырады. 

Мемлекеттік кіріс органдары жүйесін цифрландырудың нәтижесінде бюджетке қосымша 520 млрд теңгеге жуық қаржы түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу