Цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады

1068

Цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады

Қазақстанды цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады. Мұндай ұсынысты бүгін цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Комиссия 2018 жылдың 1 қаңтарынан іске кіріседі. Мұнан бөлек, президент цифрландыру жөнінде Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында бірлескен комиссия құру қажеттігін де атап өтті. Сондай-ақ, цифрландыруды жүзеге асыруға бөлінетін ақшаның "желге" ұшпауын қадағалауды қатаң тапсырды. Елбасының айтуынша, отандық бағдарлама әзірлеушілер мен шет елден тартылатын кеңесшілер тиімділігін тиісті деңгейде жоспарламайтын болса, онда оны идеология немесе басқа да себептермен елдің дамуын тежеуге, тоқтатуға бағытталған қадам болуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті: "2021 жылға қарай 251 млрд шығындамақпыз. Маған бергендеріңізден де көп жобаны санап шықтым. Ал бұл бағларламалардың берері қанша? Сандар жоқ. Яғни, осылай жұмыс істейтін болсақ, онда ақша желге ұшады және ұрланады. Сондықтан да мақсатымызды анықтап алайық"

Сондай-ақ бүгінгі шара аясында көрме ашылып, онда мемлекеттік органдар, ұйымдар және отандық компаниялардың 30-дан астам ІТ-жобалары ұсынылды. Жиында сандық экономикаға көшу, цифрлы қызметтер мәселелері талқыланып, IT-стартаптар саласына бет бұрған кәсіпкерлерге шеберлік сабақтары өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу