"Цифрлы ұстаз" жобасы іске асырылады

1989

Типтік оқу жоспарын алып тастау үшін "Білім беру туралы" заңға өзгеріс енгізіледі. Ал мұғалімдер 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өтеді. Бұл іс Президент жолдауын жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық жоспар аясында атқарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Цифрлы ұстаз" жобасы іске асырылады

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің сөзінше, қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасы арттыруға басымдық беріледі және "Цифрлы ұстаз" жобасы іске асырылады.

"Дарынды балаларға және олардың ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне грант тағайындалып, бір реттік ақшалай сыйақы төленеді. Мектептердегі орын тапшылығы проблемасын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салынады", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, "Жас талап" жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттер тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу