Цифрлық даму министрлігі cу басқан аймақтарға 48 Starlink кешенін жіберді

213

Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап барлық ұялы байланыс операторлары су басқан аймақтарда болды.

Цифрлық даму министрлігі cу басқан аймақтарға 48 Starlink кешенін жіберді Фото: canva.com

Бүгінгі таңда базалық станцияларды электрмен жабдықтау және ажырату проблемаларына әкеп соқтырған бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайы СҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарындағы ұялы байланыс операторлары желілерінің жұмысына әсер етті, атап айтқанда, 12 ауылдық елді мекен бойынша базалық станциялар тасымалданатын генераторлардан жұмыс істейді, барлық облыстарда мобильді операторлардың резервінде 300-ден астам генератор бар, жұмыстарға 234 инженер жұмылдырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап барлық ұялы байланыс операторлары су басқан аймақтарда болды.

"ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі облыстық әкімдіктердің сұраныстарына сәйкес су тасқыны аймағындағы өңірлерге 48 Starlink терминалын жіберді.

Министрлік Қостанай облысына 30 терминал, Ақтөбе облысына 3 терминал, БҚО-ға 3 терминал, Ұлытау облысына 1 кешен, Атырау облысына 6 терминал, ШҚО-ға 2, СҚО-ға 3 терминал жіберді. Starlink, ең алдымен, үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету үшін облыс мектептерін жабдықтайды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте осы аптада республика бойынша бір уақытта қосылу үшін қосымша терминал кешендерін жіберу жоспарлануда. Қажет болған жағдайда және әкімдіктерден тиісті сұраулар түскен жағдайда Министрлік қосымша терминалдар жіберуге дайын.

Бүгінгі таңда 447 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі Интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.

Бұдан басқа, ұялы байланыс операторлары су тасқыны аймағындағы абоненттерге тарифтік жоспарларға қосымша ресурстар (40-50 мин, 40-50 СМС және 7 күнге 8-10 Гб) қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу