Цифрлық даму министрлігі газет-журнал тарату қызметін басқа министрлікке бермекші

230

Мәжілісте "Қазпошта" қызметін дамытуға арналған заң жобасы талқыланып жатыр.

Цифрлық даму министрлігі газет-журнал тарату қызметін басқа министрлікке бермекші Фото: ztgzt.kz

Депутат Аманжол Әлтай "Қазпоштаның" басылымдарды жеткізу шығынын субсидиялау функциясын Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне беру туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

"Бұрын біздің министрлік Мәдениет министрлігімен біріктірілген болатын. Бір министрлік болғандықтан субсидияны бірден бердік. Қазір екі министрлік бөлек-бөлек шықтық. Сондықтан осы басылымдарды тарату қызметтерін негізінде Мәдениет және ақпарат министрлігі өзіне алу керек. Мен солай ойлаймын", – деді вице министр.

Оның сөзінше, соңғы бір жылда газет-журнал тасымалының субсидиясы 3 есе қысқарып қалған.

"Біз жыл сайын бюджеттен 10 млрд теңгедей қаражат алатынбыз. Оны түгел субсидияға береміз. Бірақ биыл бізге 3 млрд теңге ғана берілді. Яғни, басылымдарды жеткізу субсидиясының көлемі бізге байланысты емес", – деді Асхат Оразбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу