Қаулы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның алдына жаңа 2 міндет қойылды:
- Өз құзыреті шегінде почта саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
- ҚР Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізінде және оларды орындау үшін почта байланысы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру ҚР Үкіметі ҚР заңнамасына сәйкес.
Министрлік келесі жаңа функцияларды орындайды:
- байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдалана отырып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс желілері мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
- ішкі су көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау тәртібін айқындау;
- жөнелтушінің растайтын құжаттарды ұсыну жолымен пошта жөнелтілімдерінің (пошта карточкасынан басқа) құнын жариялау тәртібін айқындау;
- жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабарлау, "әлеуметтік әмиян" ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылатын осындай шараны есепке алу немесе алу және өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасын алу тәртібін айқындау;
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп компьютерлік және интерактивті жабдыққа қойылатын минималды талаптарды әзірлеу және бекіту;
- меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағында азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын келісу.
Бұдан басқа, ЦДИАӨМ енді уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік күзет қызметінің (Президенттік байланыс қажеттіліктерін қоспағанда), ҚР Әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждары үшін техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздегі арналарды және алаңдарды беруге арналған бағаларды (тарифтерді) реттейтіні нақтыланады.
Сондай-ақ ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы.