Цифрлық инфрақұрылымның сапасы маңызды екеніне көз жеткіздік – Президент

625

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдерге коронавируспен бірлесіп сабақ алуды ұсынды.

Цифрлық инфрақұрылымның сапасы маңызды екеніне көз жеткіздік – Президент

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатқан мемлекет басшысы карантиндік шектеулер цифрлық инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігі қаншалықты маңызды екенін көрсетіп бергенін айтты.

"Мемлекеттерімізде карантин режимінің енгізілуіне байланысты цифрлық тауарлар мен қызметтерге сұраныс артқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігінің аса маңызды екеніне көз жеткіздік", – деген Президент ақпарат алмасу, індетті анықтаудың инновациялық тәсілдерін және оны емдеудің жолдарын әзірлеу бойынша  ғылыми ынтымақтастықты күшейтуге күш салыну керектігін атады.

"Комиссияға мүше мемлекеттер үкіметтерімен бірлесіп аталған бағытта ынтымақтаса жұмыс жүргізу үшін нақты ұсыныстар жобасын дайындауды ұсынамын" – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу