Цифрлық құжаттар қағаз құжаттармен қашан теңестіріледі?

693

Заң жобасы Сенатта қаралды.  

Цифрлық құжаттар қағаз құжаттармен қашан теңестіріледі?

Цифрлық құжаттарды қағаз үкйіндегі нұсқасымен тең дәрежеде қолдану мүмкін болмақ. Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Сенат депутаттарының алдында осы заңның жобасын таныстырған болатын. 

"Бүгін Парламенттің жоғары палатасы – Сенат қабырғасында "Цифрлық техонологиялару туралы" заңға қатысты менің баяндамам тыңдалды. Бұл заң жобасында  цифрлық құжаттарды қағаз құжатпен бірдей дәрежеде қабылдау туралы норма бар. Заң жобасы бекітіліп, күшіне енгенде  цифрлық құжатты емін-еркін, легитимді түрде пайдалана аласыздар. Біз бүгінде Электронды үкімет порталына төлқұжат,  неке туралы куәлік, туту туралы куәлік сияқты бірқатар құжаттың цифрлық нұсқасын енгізіп қойдық.  Олардың қатары мен айтып отырған заң жобасы мақұлданнан кейін кеңейеді деп күтіп отырмыз. Мысалы, жоғары білім дипломдарын, жүргізуші куәлігін, кез келген нысанның техникалық төлқұжатын Электронды үкімет порталында цифрлық нұсқада алып, пайдалануға болады.  Яғни заң күшіне енгеннен кейін-ақ цифрлық құжаттар қағаз күйіндегі құжаттармен теңестіріледі", – деді Асқар Жұмағалиев ел алдындағы есептік кездесуінде.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу