Цифрлық талдау нәтижесі бойынша 10 мыңнан астам жүргізуші куәлігін қолдану тоқтатылды

387

Жүргізуші куәлігін алған кезде медициналық куәландыру процесі цифрландырылды.  

Цифрлық талдау нәтижесі бойынша 10 мыңнан астам жүргізуші куәлігін қолдану тоқтатылды Фото: el.kz

Цифрлық талдау нәтижесінде медициналық көрсеткіштер бойынша 10 мыңнан астам жүргізуші куәлігін қолдану тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің, Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Деректер алмасуды цифрландырудың нәтижесінде 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды.

Денсаулық сақтау министрлігі динамикалық медициналық бақылауда тұрған және көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады.

"Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Көлік құралын басқаруға болмайтын аурулар тізбесі нозологияның сегіз түрін қамтиды", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық куәландыру процесі де цифрландырылды. Медициналық анықтама электрондық форматқа көшіріліп, медициналық комиссия қорытындылары ақпараттық жүйелерде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу