Цифрлық технология нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге артты

924

Цифрлық технология нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге артты

ОҚО-да 2,7 млн бас құстың 1,2 миллионы заманауи автоматтандырылған құс фермаларында ("Шымкент құс", "Ордабасы құс") өсіріледі. Онда тауықты қоректендіру, жұмыртқа жинау, сою, дайын өнімді сақтау мен санитарлық жұмыстардың барлығы автоматтандырылған жүйе арқылы іске асырылады. Цифрлық технологияны қолданудың нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге дейін артты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ал еуропалық стандартарға сәйкес келетін "СПК Хамит"  2,7 мың тонна өңделген балық өнімдерін шығарса, "Ақ санат инжениринг" 1 мың тонна тірі балық өсірді. Бұл кәсіпорындардың өнімдері Еуропа мемлекеттеріне экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу