Цифрлық технологиялар кей тауардың бағасын 45 пайыз арзандатады

557

Сауда министрлігі дәрі бағасын Dosmart жүйесі арқылы қадағаламақшы.

Цифрлық технологиялар кей тауардың бағасын 45 пайыз арзандатады

Министр Бақыт Сұлтанов бағаны бақылауды цифрлық жолдарын таныстырды. 

"Баға мониторингінің тұтас жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мұнда біз нақты уақыттағы бағаларды бақылауға көмектесетін 4 дерек көзін қарастырудамыз. Dosmart жүйесінің көмегімен біз өнімдер мен дәрілік заттардың өзекті құны бойынша ақпарат аламыз. Жүйеге тіркелген пайдаланушылардың саны 28 мыңға жетті. Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық қалаларына тауарлар каталогын ұлғайту және әртүрлі дүкендердегі белгілі бір тауарға бағаларды салыстыру мүмкіндігі жоспарланып отыр. Пайдаланушыларға ақпаратты ұсынғаны үшін кэшбек беріледі. Бұл оларды ынталандыру үшін керек. Қаржы министрлігі, Қазақтелеком, Транстелеком базаларымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл бізге бақылау-кассалық машиналары арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағалары туралы қосымша деректерді онлайн алуға мүмкіндік береді. Деректерді жинау бойынша жұмысты жеделдету үшін министрлік Қаржы министрлігімен және "Қазақтелекоммен" бірлесіп тауарлар мен өнімдердің бірыңғай ұлттық каталогын құру бойынша жұмыс жүргізуде", – деген ведомство басшысы parsing технологиясының артықшылықтарына тоқталды.

"Электрондық коммерциялық алаңдардағы parsing технологиясы арқылы біз белгілі бір өнімдер мен тауарлардың нақты уақыттағы бағаларын қадағалаймыз. Бұл тұтынушыларға тауарлардың үздіксіз жеткізілуіне кепілдік береді. Сондай-ақ бағаларды теңдестіруге, ал жекелеген өнімдер бойынша, тіпті, 45%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу