Цифрлық технологиялардағы қылмыстарды анықтайтын арнайы бөлімшелер құрылды

153

ҚМА-да цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында арнайы бөлімшелер құрылды

Цифрлық технологиялардағы қылмыстарды анықтайтын арнайы бөлімшелер құрылды Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Цифрлық технологиялардың дамуы мен жаппай ақпараттандыру кезінде заманауи жабдықтарды, ақпараттық жүйелерді және телекоммуникациялық торапты пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар саны артуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында ҚМА-да арнайы бөлімшелер құрылды. Олармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде цифрлық активтердің заңсыз айналымы мен  майнингке қатысты жалпы ақш айналымы 36 млрд теңгеден асатын 18 қылмыс анықталды.

Бұған қоса, ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету, бұлтты бухгалтерия құру және коммуналдық қызмет сапасына байланысты түсетін шағымдарды цифрландыруға бөлінген мемлекет қаражатын жымқырудың 3 фактісі анықталды. 

Осылайша, 2024 жылғы 23 мамырдағы соттың үкімімен ҚР МСМ Комитеті басшыларының бірі және мердігерлік ұйымының директоры жұмыс істемейтін "Құжаттардың бірыңғай электронды мұрағаты" ақпараттық жүйесіне 6 ай бойы техникалық сүйемелдеу жасау үшін бөлінген 105 млн теңге бюджет қаражатын ұрлағаны үшін 6 жыл 6 айға сотталды.

2024 жылы цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 6 үкім шығарылды, олар  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1.2 млрд теңге мүлікке тыйым салынды. 

4 адам 2 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына, 2 адам бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. 

2024 жылғы 22 сәуірде сот үкімімен 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқан РФ азаматы қылмыстық жолмен табылған 58 млн теңге мүлкі мен 5,8 млрд теңге көлеміндегі қылмыстық кіріс сомасы тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.  

ҚМА "Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында цифрлық майнинг қызметі лицензиялауға жатады, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және айналымы, сондай-ақ осыған ұқсас биржалар қызметі Халықаралық "Астана" қаржы орталығы аумағында ғана жүзеге асырылылатынын хабарлайды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу