Цифрлық теңге енгізу туралы шешім жыл соңына дейін қабылданады

1181

1 шілдеге дейін әдістеме бекітіледі.

Цифрлық теңге енгізу туралы шешім жыл соңына дейін қабылданады

Цифрлық теңгені енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ұлттық банк бұл мәселені біраз зерделеді. Халықаралық валюта қорымен, дамыған елдердің орталық банктерімен тығыз ынтымақтасамыз, жақында ғана біздің команда Халықаралық валюта қорының көктемгі отырыстарына Вашингтонға барып, атқарылған жұмыстарды таныстырды, жоспарлар туралы айтты", – деді Ғалымжан Пірматов Ұлттық Банкте өткен брифингте. 

Оның айтуынша, әлі де шешуді қажет ететін техникалық мәселелер бар.

"1 шілдеге дейін біз цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдайтын әдістемені бекітеміз. Ал бұл жобаны техникалық жағынан жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Сондықтан жұмыс жалғасуда", – деп қорытындылады Ұлттық Банк басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу