Цифрлық теңгені шешіп алуға мүмкіндік беріледі

463

Бұл туралы бүгін жоба жетекшілері мәлімдеді. 

Цифрлық теңгені шешіп алуға мүмкіндік беріледі Фото: profit.kz

Мамандардың айтуынша, қолданыстағы банк қосымшасында арнайы шот пайда болады. Яғни, жаңа инфроқұрылым жасаудың керегі жоқ. Тағы қандай жаңалықтар айтылды?

Цифрлық теңгені қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік берілетін болды. Бұған дейін сандық валютаның эмиссия жасалмайтыны айтылып жүрген. Ұлттық төлем корпорациясы басшысының айтуынша, аталған шешім азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қабылданған.

"Бақылау керек деңгейлер болады. Мектеп құрылысын алайық. Мемлекет бюджет қаржысы шын мәнінде құрылыс материалдарын сатып алуға, жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге кетіп жатқанын қадағалауы керек. Сондықтан бұған дейін ол қаражатты басқа валютаға айырбастауға, қолма-қол ақшаға айналдыруға болмайды. Бірақ жалақысын сандық теңгемен алған қызметкерге ешқандай шектеу салынбайды", - дейді Ұлттық төлем корпорациясы басқарма басшысы Бинұр Жәленов.

Мұндай кедергі әлеуметтік көмек саласында да қойылмайтын болды. Яғни, азамат жәрдемақыны қай мақсатқа жұмсаса да өз еркі. Цифрлық теңге тек төлемнің тікелей соңғы адреске жеткізу құралы ғана дейді мамандар. Бірақ ерекше жағдайлар да бар.

"Біз сандық ваучер механизмін енгізіп жатырмыз. Белгілі бір қызметтерді алу үшін арнайы карта немесе басқа да құрал беріледі. Бұл жүйе қазір мектеп асханаларында қолданылады. Дәл осындай механизмді мектеп формасын алу мен жолақысын төлеуге енгізуге болады", - дейді Ұлттық төлем корпорациясы басқарма басшысы Бинұр Жәленов.

Осылайша қызмет көрсетушіге қаржы тікелей түседі. Одан да басқа сервистер оңтайлана түспек. Солардың бірі  ақша айырбастау. Жоспар бойынша сандық валюталар шетел банкіне түскен бойда ұлттық жүйеден өшіріліп, сол мемлекеттің валютасы ретінде пайда болады. Сол үшін курсты автоматты түрде анықтайтын жүйе құрастырылып жатыр.  Яғни арадағы делдалдар жоғалып, халықаралық төлемдер тікелей жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу