"Цифрлық жаз-2019" бағдарламасының талаптары өзгерді

1183

Енді "Самұрық-Қазына" қорының компаниялар тобында тағылымдамадан өтуге ниет білдірген студенттер 4 деңгейден тұратын іріктеуден өтеді.

"Цифрлық жаз-2019" бағдарламасының талаптары өзгерді

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында "Цифрлық жаз-2019" тағылымдама бағдарламасының екінші толқыны басталады. Бағдарлама қазақстандық ЖОО студенттеріне қордың қоржындық компанияларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

 Өткен жылы 72 жас маман тағылымдамадан өтіп, оның 33-і жұмысқа қабылданған.

Биыл бағдарламаның талаптары өзгерді.

 "Цифрлық жаз-2019" бағдарламасы бойынша тағылымда арқылы білімін шыңдайтын жастардың нақты санын қабылдау мақсаты белгіленген жоқ. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы білікті кызметкерлерді іріктеуге мүдделі. Сондықтан биыл бағларламаға қатысушылар үшін талаптар өзгертілді. Енді қордың компаниялар тобында тағылымдамадан өтуге ниет білдірген студенттер үшін 4 деңгейден тұратын іріктеу қарастырылған", – дейді атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ  Цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.

Жаңа талаптарға сәйкес бакалавриат бағдарламасымен оқитын 3,4 курс студенттері және магистратураның 1,2 курсында оқитын студенттер бағдарламаға қатысуға мүкіндік алады.

 Айта кететін жөн, биыл іріктеу кезеңі төрт деңгейден тұрады: бағдарламаның ресми сайтында тіркелу және онлайн IT тест, IT мамандығының бағыты бойынша тапсырманы шешу және қабілеттілікті тексеретін тапсырма. 

 Жоғарғы оқу орындарын 2019, 2020 жылы бітіретін бакалавр және магистратура  студенттері "Цифрлық жаз – 2019" бағдарламасының ресми сайтына  http://digital-summer.sk.kz кіріп, өтінім қалдыра алады.

Бағдарламаға өтінім беру кезеңі 7 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу