"Цифрлық жаз" бағдарламасының бірінші іріктеу кезеңі аяқталды

1055

Алғақшы кезеңде бағдарламаға қатысуға 1554 адам өтініш білдірген, 2018 жылы өтініштер саны 510 болатын.

"Цифрлық жаз" бағдарламасының бірінші іріктеу кезеңі аяқталды

"Цифрлық жаз" тағылымдама бағдарламасының бірінші іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына"-ның қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Алғақшы кезеңде бағдарламаға қатысуға 1554 адам өтініш білдірген, 2018 жылы өтініштер саны 510 болатын.

Бағдарлама Қазақстан жоғарғы оқу орындарындағы бакалавриаттың 3 және 4-курс студенттері және магистратураның 1 мен 2-курсында оқитын студенттерге  қорға қарасты компанияларда тағылымдамадан өтуге мүкіндік береді.

Биыл компаниялар тобында 100-ден астам адам тағылымдамадан өте алады.  Іріктеу процесінің маңызды талабы – үміткерлерде ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және қор компанияларында ІТ саласының дамуына үлес қосуға деген ниет болуға тиіс.

Тағылымдама 17 шілде мен тамыздың 29-ы аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе және Атырау қалаларында өтеді. 

Еске сала кетсек, былтырғы жылдың қорытындысы бағдарламаның тиімділігін көрсетті. 2018 жылы 72 жас маман қор компанияларында тағылымдамадан өтіп, олардың 33-і жұмысқа тұрды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу