Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы, америкалық Кори Гауфтан басым түсіп, сенсация жасады. Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен ұтса, екіншісінде Гауфф есе қайырды – 6:2. Үшінші, шешуші сетте Путинцева жеңісті жұлып алды – 6:4.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің бұрынғы екінші, қазіргі 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу