Циндао – 2024-2025 жылдары ШЫҰ-ның мәдени әрі туристік астанасы атанды

214

Астанада өтетін ШЫҰ саммитінде Циндао қаласына "ШЫҰ мәдени және туристік астанасы "мәртебесін беру туралы шешім қабылданады. 

Циндао – 2024-2025 жылдары ШЫҰ-ның мәдени әрі туристік астанасы атанды Фото: admnvrsk.ru

"Шанхай ондығына" кіретін елдер отырысы барысында басқа да бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

"Циндао – мәдени мұрасы бай тарихи қала әрі Қытайдың қазіргі заманғы ірі порты. Қытай тарапы Циндао қаласында ШЫҰ туристік ынтымақтастығының жаңа деңгейге шығуына көмектесетін жоғары кәсіби деңгейде бірқатар мәдени және туристік іс-шараларды ұйымдастыратынына сенімдіміз, - деп түсіндірді ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин.

Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аяқталды. Онда бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

ШЫҰ саммитіне байланысты Астанаға  15 елден 25 делегация ат басын тіреді, 7 халықаралық ұйым ШЫҰ-ға қатысып жатыр. Қонақтардың саны 10 мыңнан асқанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу