Cиноптиктер 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

162

Бүгін солтүстік атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Cиноптиктер 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады Фото: ФотоКто

Қазақстанның қалған аумақтарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу