Cirque du Soleil пандемия салдарынан банкротқа ұшырады

860

Цирк 1 млрд АҚШ долларынан асатын қарызын жаба алмаған. 

Cirque du Soleil пандемия салдарынан банкротқа ұшырады

Бірегей цирк шоуымен бүкіл әлемге танымал Cirque du Soleil банкротқа ұшырады. Бас кеңсесі Канаданың Монреаль қаласында орналасқан цирк 1 млрд АҚШ долларынан асатын қарызын жаба алмаған. Өйткені соңғы айларда коронавирус пандемиясына байланысты өнер ұжымының барлық шоулары жабылып, ешқандай табыс түспеген, деп хабарлайды Atameken Business. 

Дейтұрғанмен, компания басшылығы соңғы 36 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлердің болашағын сақтап қалу үшін барын салып жатыр. Цирк жабылып қалмау үшін қызметкерлердің 95%-ы, яғни үш жарым мың адам жұмыстан босатылмақ. Қысқартылған қызметкерлерді қолдау үшін 15 млн доллар бөлінеді.

Қысқарту – уақытша шара. Цирк шоулар мен гастрольдік сапарларды бастағаннан кейін олардың басым бөлігі қайта жұмысқа қабылданады. Компания дайындалған бизнес-жоспарға сәйкес қайта құрылымдауға 300 миллион салуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу