City Transportation Systems: Қоғамдық көлік қызметтерінде ақаулар болады

445

City Transportation Systems ЖШС Астана тұрғындары мен қонақтарына осылай ескертті.  

City Transportation Systems: Қоғамдық көлік қызметтерінде ақаулар болады Фото: gov.kz

"1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты, кейбір қызмет түрлерінде ақаулар болуы мүмкін:

- аялдамалардағы ақпарат таблоларында маршруттардың келу уақыты көрсетілмеуі;

- бағдарлар қозғалысын бақылайтын мобильді қосымшаларда бағдарлар қозғалысы көрсетілмеуі (Яндекс, 2гис, Avtobys қатысты);

- мобильді қосымшалар немесе төлем терминалдары арқылы жол ақысын төлеу жүйелері", - делінген мекеме таратқан ақпаратта.

Серіктестік Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Айта кетейік, қоғамдық көлік бекітілген кестеге сәйкес таңғы сағат 06:00–ден бастап жұмысын бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу