25 қарашада Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы келісім аясында кепілге алынған он төрт израильдік босатылады. Бұл туралы CNN өз дереккөзіне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
24 қарашада Израиль армиясы мен Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы арасында төрт күндік бітім орнады. Оның бірінші кезеңінде ХАМАС 13 израильдікті (дені – әйелдер мен балалар) еліне қайтарды. Израиль тұтқындағы 39 палестиналықты босатты.
Израиль қорғаныс әскерінің ресми өкілі Дорон Спилманның айтуынша, қазір ХАМАС қозғалысының өкілдері Газа секторында 215-ке жуық адамды кепілде ұстап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу