CNN АҚШ-тың федералды барлау басқармасын сотқа берді

985

Себебі ұйым арнайы прокурор Роберт Мюллер ісіне қатысты жолдаған журналистік сауалға жауап бермеген.

CNN АҚШ-тың федералды барлау басқармасын сотқа берді

Әйгілі CNN АҚШ-тың федералды барлау басқармасын баспасөз бостандығына нұқсан келтіргені үшін сотқа берді. Себебі ұйым арнайы прокурор Роберт Мюллер ісіне қатысты жолдаған журналистік сауалға жауап бермеген. Қазір ақпарат құралының арызын Колумбиядағы сот қарап жатыр.

Телеарна заң бойынша Мюллер ісіне қатысты мәліметті білуге хақылы. Бірақ федералды барлау басқармасы олар сұратқан 500 адамға қатысы бар іс туралы ақпаратты беруге асықпаған. Алайда 18 сәуір күні АҚШ-тың әділет министрлігі Мюллер ісі бойынша қорытынды баяндаманы жариялады. Онда арнайы прокурор Ресей 2016 жылы өткен АҚШ-тағы Президент сайлауы кампаниясына ықпал еткісі келгенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу