CNN: Путин 9 мамырда "арнайы операцияны" соғыс деп жариялауы мүмкін

784

Биыл Мәскеуде 9 мамырда өтетін шеруге шетелдік көшбасшылар келмейді.

CNN: Путин 9 мамырда "арнайы операцияны" соғыс деп жариялауы мүмкін Фото: tass.ru

9 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Украинадағы "арнайы әскери операцияны" соғыс деп жариялауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz CNN арнасына сілтеме жасап.

Украинаға соғыс жариялау арқылы Владимир Путин жұмылдыру жұмыстарын бастамақ. Ресми Мәскеу 9 мамырда Луганск және Донецк облыстарын аннексиялап, Одессаға қарсы жойқын шабуыл ұйымдастырып, Мариупольді толық бақылауына алғанын жариялауы мүмкін.

Ресейдің 9 мамырда жалпы жұмылдыруды жариялауға дайындалып жатқандығы туралы 2 мамырда Украина қорғаныс министрлігінің Басты барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов айтқан болатын.

"Иә, олар дайындалуда. Росрезерв тексеріс жүргізе бастады", – деді ол.

The Washington Post басылымы АҚШ-тың жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасай отырып, "Ресей мамыр айының соңында Шығыс Украинаның бір бөлігін аннексиялауды жоспарлап отыр" деген ақпарат жариялады.

Бұған дейін "9 мамырда Ресей жұмылдыру жұмыстарын бастауы мүмкін" деп Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес және АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс мәлімдеген болатын.

Ескере кететін жайт, биыл Мәскеуде 9 мамырда өткізілетін шеруге шетелдік көшбасшылар келмейді, тіпті Беларусь Президенті Александр Лукашенко да қатыспайды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу