CNN Travel Алматыны әлемдегі ең үздік туристік бағыттардың бірі ретінде атады

315

Былтыр шаһарға 1,7 миллион турист келген.

CNN Travel Алматыны әлемдегі ең үздік туристік бағыттардың бірі ретінде атады Фото: Алматы әкімдігі

ҚР Туризм және спорт министрлігі Алматы  халықаралық туризм картасындағы маңызды бағыт екенін атады,  деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматы қаласы  Қазақстанның негізгі туристік орталығы. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 9 айында қалаға келген туристер саны 14%-ға артып, 1,7 миллион адамға жеткен. Оның ішінде шетелдік туристер саны  507,5 мың, ал ішкі туристер саны 1,2 миллион адамға жетті",  деп жазады ведомство.

Туристер легінің өсуі негізгі капиталға салынған инвестицияның артуымен де қатар жүреді. Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 110,9 млрд теңгені құраған. Ал шетелдік туристердің шығындары ішкі қонақтардың шығынынан 8,7 есеге көп. Бұл шетелдік меймандардың өңір экономикасы үшін аса маңызды аудитория екенін көрсетеді.

Алматыны шетелден келетін қонақтар үшін де танымал бағыттардың бірі деуге болады. Ең көп туристер Ресей, Үндістан, Қытай, Түркия және АҚШ елдерінен келген. Алматы қаласының туристік әлеуеті халықаралық аренада табысты насихатталып келеді.

CNN Travel Алматыны әлемдегі ең үздік туристік бағыттардың бірі ретінде атаса, New York Times қаланы "баруға тұрарлық 52 орынның" қатарына енгізді. Сондай-ақ Conde Nast Traveller Italia "Шымбұлақты" қысқы спорттың үздік орны қатарына қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу