Ыстамбұлдың Reina түнгі клубындағы лаңкестік актіні қырғыз не өзбек азаматы жасаған болуы мүмкін. Мұны Түркия полициясы мәлім етті, деп хабарлайды CNN Turk телеарнасы.
Естеріңізге саламыз, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Ыстамбұлдың Ортакей ауданында Reina түнгі клубына белгісіз біреу қарулы шабуыл жасап, 39 адамды мерт етті, оның 16-сы шетел азаматы. Қаза болғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы, Марокко, Ливан, Иордания, Ливия және Израиль азаматтары бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу