"CNPC елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлес қосуға дайын" - Хуан Юнчжан

445

Әлихан Смайылов пен CNPC компаниясының вице-президенті Хуан Юнчжан энергетика саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.  

"CNPC елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлес қосуға дайын" - Хуан Юнчжан Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр CNPC Қазақстанның энергетика саласындағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін және компанияның 25 жылдан астам елімізде табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.

"Біз мұнай-газ саласының барлық секторындағы ірі жобаларды бірлесе жүзеге асырған жылдар аралығында сенімді серіктестік қатынас орнаттық. Қазақстан үкіметі стратегиялық ынтымақтастығымызды әрі қарай да тереңдетуге ниетті", — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Хуан Юнчжан бұған дейін де бірқатар бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылғанын, олардың басым бөлігі өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып саналатынын атап өтіп, компания Қазақстан Республикасындағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

"Қытай мен Қазақстан – тату көршілер. CNPC елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлес қосуға дайын", — деді Хуан Юнчжан.

Кездесу барысында тараптар мұнай экспорты, Қазақстандағы CNPC жұмыскерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, сондай-ақ басқа да бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу