Ол құжаттың мерзімі 2028 жылдың соңында аяқталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
CNPC мен "ҚазМұнайГаз" "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясын 50/50 үлеспен тең басқарады. Ең алғаш екі тарап 1998 жылы 17 қаңтарда келісімге келген. Ол шарт 2028 жылға дейін жарамды, жыл соңында күшін жояды.
2023 жылы жазда екі жақ "Маңғыстаумұнайгазға" қатысты келісімді кемінде 20 жылға ұзартамыз деген ниетін растаған болатын.
"Алайда ұзартудың басты шарты – CNPC министрлікпен келісілген бір немесе бірнеше жоғары экономикалық тиімді жобаға инвестиция салуға міндеттеме алуы тиіс. Қазіргі уақытта осы жобалар талқыланып жатыр", – деп жазылған телеграм-арнада.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ – 2023 жылы ең көп дивиденд төлеген компаниялар қатарына кірді.