Coca-Cola компаниясы Қазақстанға 250 млн доллар инвестиция құйған

2875

Coca-Cola компаниясы Қазақстанға 250 млн доллар инвестиция құйған

Соңғы он жылда Coca-Cola компаниясы Қазақстанға 250 млн доллар инвестиция салған. Бұл туралы түрік зауытындағы экскурсия кезінде компания өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған 7kun.kz.

Бұдан бөлек, он жылда компания Орта Азия елдеріне шамамен 500 млн доллар инвестициялаған.

Компанияның соңғы уақыттағы Қазастандағы ең ірі жобаларының бірі — Астанада құны 80 млн доллар болатын зауыттың салынуы. Қазіргі кезде Қазақстанда CCI-ге (Coca Cola Icecek) тиесілі Coca-Cola зауыты жұмыс істейді. Компанияның 50,3% акциясы Anadolu Group-қа тиесілі, ал 20,1%-ын Coca Cola Company бақыласа, Ozgorkey 3,7% акцияға иелік етеді.

"Егер алкогольсіз сусындар нарығы артатын болса біздің компания Қазақстан экономикасына инвестиция сала береді. Coca-Cola-да дағдарысқа байланысты өнімге сұраныс азайды деген мәселе жоқ. Алайда қазір компания соңғы жобаларға жұмсалған қаржыны өндіру үшін инвестициялық циклды тоқтатады", — деді CCI-дің корпоративті қатынас жөніндегі директоры Атилла Ерликайя.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу