"Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 2 547 363 адам алды. Бұл – екпе салынатын жалпы азаматтардың 25,7 пайызы. Ал екінші компонентін салған азаматтардың саны 1 435 334 адамға жетті", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша екпе пунктерінде вакциналардың дозасы жеткілікті. Ол сонымен қатар вакцина алу қарқыны ең төмен екі облыс – Маңғыстау мен Қостанай өңірі екенін мәлім етті.
"Облыс әкімдеріне вакциналау мәселесін жеке бақылауына алуды сұраймын. Екпені алудың дұрыс екенін түсіндіріп, халықты тағы да ынталандыра білгеніміз дұрыс", - дейді министр.
Аян Бекенұлы