Денсаулық сақтау министрі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның ашық хатына жауап берді, деп хабарлайды Аtameken Business..
Екеуара мұндай әңгіменің болғанын бүгін ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов брифинг барысында мәлімдеді. Еске салсақ, кеше Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин фейсбуктегі парақшасында Бас дәрігерге бағыттап, ренішке толық ашық хатын жариялаған. Онда: "Блогерлермен кездесуге уақыт таптыңыз, ал науқас балалардың мәселесін шешуге құлықсыз" деген. Шенеуніктердің құрғақ уәдеге толы құжаттары кеңсесінде толып жатқанын айтып, Аружан Саин арнамызға эксклюзивті сұхбат берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу