Цой: Жалған вакцинация паспорттарын базалардан жоямыз

1034

Жалған вакцинация паспорттарын жасағандар мен жасатқандар сотқа сүйретілмек, деп хабарлайды Atameken Business.    

Цой: Жалған вакцинация паспорттарын базалардан жоямыз

Сөйтіп өтірік құжатты иеленгендердің есімі медициналық базалардан түбегейлі өшіріледі. Мұны Мәжілістегі Үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі айтты. Ал "сатушыға" айналған дәрігерлерді жаппай "тазалау" шарасы жүргізіліп жатыр екен. Осыған қатысты бар ақпаратты тілшіміз Саят Ермек тікелей эфирде толығырақ баяндап бермек.

Шымкентте коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс азаматтардың 100 пайызы вакцина алған. Бұл туралы Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желі арқылы жариялады. Айтуынша, мегаполисте  вакцинациялау жұмыстары жүз пайызға орындалып, шаһар жасыл аймаққа өткен. Алайда қала тұрғындары бұл дерекпен келіспейді.

Елімізде пандемиядан кейін әрбір үшінші кәсіпкер, яғни 33 пайызы кеңсесіне қара құлып салып, онлайн форматта жұмыс істеуге көшкен. Касперскийдің зертханасы жүргізген сауалнамасы осыны көрсетті. Зерттеу нәтижесіне сәйкес тағы 36 пайыз кәсіпорын өз бюджетін қысқартса, тағы 51 пайыздан астамы пандемия кезінде жұмыс бағытын жаңа технологияға бұрған. Сондай-ақ алдағы 12 айда 32 пайыз қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлердің жалақысын көтеруді жоспарлап отыр екен. Айта кету керек, сауалнамаға сонымен қатар 250 адамға дейінгі қызметкерлері бар компаниялардан 3 мыңнан астам ұйым қатысты. 

Адамзат COVID-19 бен күрестің 60 пайызын артта қалдырды. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мәлімдеді. Алайда алда әлі күтпеген тосқауылдар пайда болуы мүмкін. Сондықтан пандемияның аяқталу мерзімін алдын ала болжау әлі ерте, – дейді Бас ғылыми қызметкер Сумья Сва-минатАн. Жаңа штамм түрлері шығуы мүмкін, ал әлем халқының вакцинамен толық қамтудың іске аспағандығы әлі де өзекті. Сумья Сва-минатАнның айтуынша, кейбір елдерде екпе алғандардың үлесі 80%-ды құрайды. Ал Африкада вакцинациялау деңгейі 4 пайызға да жетпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу