Cоққыға жығылған қыздың туыстары кінәлілер қатаң жазалануын қалайды

645

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Cоққыға жығылған қыздың туыстары кінәлілер қатаң жазалануын қалайды Фото: EQ

Өскемендегі сауда үйлерінің бірінің дәретханасында таяқ жеген қыздың туыстары кінәлілер қатаң жазаға тартылсын деп талап етуде. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен жәбірленушінің әпкесі айтты. Күллі елдің жағасын ұстатқан жағдай наурыз айының басында болған еді. Онда қаладағы медициналық колледждің студентін 9 сныптың оқушысы ұрып-соғып, тіпті шешінуге дейін мәжбүрлеген. Айтқанын істеткен оқушы жәбірленушіні аяусыз тепкінің астына алған.

"Жиенімді ұрған үш қыздың біреуі телеграммда чат ашқан. Оған Өскемендегі көп жастар қосылған. Осы болған жағдай да сол жерден басталған. Жиенімді сабағандарға қатысты 5 статья бар деп санаймыз. Өйткені ұрған. Ақша талап еткен. Тергеу дұрыс жүргізіліп, кінәлілер қатаң жазаланғанын қалаймыз", - деді қала тұрғыны Тоғжан Досымова.

Жәбірленуші қыздың әпкесі жиенін соққыға жыққан қыздың туыстары келіп, өкінетіндерін білдіріп, кешірім де сұрамаған дейді. Оның үстіне білім басқармасы тарапынан дер кезінде психологиялық көмек те көрсетілмеді деп шағымданды. Ал күш көрсеткен қыздың анасы Өскемен қалалық білім бөлімінің кадр бөлімінде жұмыс істеген.

"Ол қыздың анасы өз еркімен арыз жазып, жұмыстан шығып кетті. Осы жағдайға байланысты біздің тарапымыздан тиісті шаралар қабылданды. Жәбірленушінің туыстарына колледж басшылығы полицияға шағымдану туралы ұсыныс айтты. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу