Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет меншігіне 29,8 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарды.
Ақжар, Есіл, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында жер пайдаланушылар Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланбаған.
Петропавл қаласында кәсіпкерлік субъектісі Жер кодексінің талаптарына қарамастан, үш жыл бойы коммерциялық мақсатта бөлінген 123 гектар жер учаскесін пайдаланбаған.
"Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жалпы ауданы 33,2 мың гектарды құрайтын, кадастрлық құны 29,8 миллиард теңге болатын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", − делінген хабарламада.