Coronavirus2020.kz сайты іске қосылды

1135

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирусқа қатысты ресми хабар тарататын сайт іске қосылғанын хабарлады.

Coronavirus2020.kz сайты іске қосылды

"Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда",– деп жазды Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы мәселелерді реттеу үшін министріwww.coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлады.

Бұл ресурста коронавирусқа байланысты барлық ресми ақпараттар жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу