Cот шешімімен суррогат ана ақмолалық ерлі-зайыптыларға ақшасын қайтаруға міндеттелді

262

Бала тууға келіскен әйел шарттағы талапты толық орындамаған.  

Cот шешімімен суррогат ана ақмолалық ерлі-зайыптыларға ақшасын қайтаруға міндеттелді Фото: surrogate-mother.kz

Осыдан соң ерлі-зайыптыларға сотқа арызданады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында сот әйел адамды суррогат ана болу процедурасының бұзылуына байланысты ерлі-зайыптыларға ақшаны қайтаруға міндеттеді.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылы ерлі-зайыпты Е. азаматша Д.-мен суррогат ана болу туралы келісімшарт жасаған. Құжатта ұрықтандырудың екі әрекеті қарастырылады. Біріншісі сәтсіз аяқталған соң, ерлі-зайыптылар екінші процедураға дайындықты жалғастырады. Суррогат әйелге тексерулер, медициналық препараттар, жол жүру мен тамақтануы үшін 500 мың теңгеден астам қаражат аударған.

Алайда 2025 жылғы наурызда процедура өтпей қалды. Себебі, суррогат ана клиникаға келмеген. Кейін ол бас тартуын кардиолог пен терапевтің қорытындыларымен түсіндірген.

Сот бұл уәждерге сын көзбен қарап, тексерулердің келісімшартта қарастырылмаған бөтен ұйымдарда және ақшалай қаражатты алғаннан кейін жүргізілгенін көрсетті. Бірінші сатыдағы сот талапкерлердің материалдық шығынды өтеу туралы талаптарын негізді деп таныды.

Жауапкерден 550 мың теңге және процедураға дайындыққа жұмсалған шығындар өндірілді.

"Келісімшартта эмбрионды сақтау шарттары көрсетілмеген және Д. оның сақталуына жауапты емес. Ерлі-зайыптылар эмбрионды ЖШС-мен жасалған келісімшарт бойынша сақтаған және олардың өтініші негізінде эмбрион жойылған. Эмбрионды жою туралы шешім Д.-ның іс-әрекетінің салдары екендігі туралы дәлелдер сотқа ұсынылмаған. Д. талап қоюшылардың тек мүліктік құқықтарын бұзған", – деп хабарлады сот.

Қаулы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу