"13 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 626 адам коронавирус инфекциясынан (39 143 КВИ+ және 483 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 124 пациент стационарда, 25 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда",– деп жазылған COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.
ВАК мәліметіне сүйенсек, олардың (КВИ+, КВИ- шалдыққандардың) арасында 788 адамның жағдайы ауыр, 183 пациенттің жағдайы өте ауыр, 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке тоқталсақ: 2021 жылғы 11 мамырдағы мәлімет бойынша 173 жаңа жағдай тіркелген, 5 жағдай өліммен аяқталыпты. 70 адам жазылып шыққан.
"2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 53 757, өлім жағдайлары - 847, барлығы 52 427 адам сауығып шықты",– деп жазылған хабарламада.