Коронавируспен күресте жанын қиған дәрігерлердің отбасына төленуге тиіс өтемақыға 36 отбасы қол жеткізген. Денсаулық сақтау министрі осындай ақпарат берді.
"COVID-19 инфекциясы мен пневмониясынан қайтыс болған және ауырған медицина қызметкерлері туралы айтсақ, 30 қыркүйектегі дерек бойынша 12 830 жағдай тіркелді. Оның ішінде 8 339 жағдай кәсіби қызметімен байланысты болған. Жалпы бүгінге дейін коронавируспен ауырғаны үшін төленетін өтемақыны жергілікті комиссиялар деңгейінде расталған медицина қызметкерлерінің 88 пайызы немесе 3454 адам алды.
Қайтыс болған медицина қызметкерлері бойынша айтсақ, үлкен өкінішке қарай, пандемия кезінде Қазақстан 182 медицина қызметкерінен айырылып қалды. Өңірлік комиссия бүгінге дейін қайтыс болған мамандардың туыстарынан өтемақы алуға үшін түскен 58 өтінімді мақұлдады. Қазіргі таңда өтемақыны 36 отбасы алды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр",– деді министрі брифингте.
Есжан Ботақара